Намазтақыр (қоныс)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:21, 2021 ж. қарашаның 18 кезіндегі Мағыпар (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

НамазтақырЖем өзенінің оң жағалауындағы қоныс.

Географиялық орны

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы

Жер беті тегіс тақыр келген. Жем өзеніне қарасты оңтүстігінде жарқабақтар кездеседі. Оның табанында бұта шоғырлары өскен. Кезінде (20-ғасырдың 70 жылдарына дейін) мұнда аумағы 05,8 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 4,5 км тұзды көл болған. Теңіз деңгейінен шамамен 23-25 м биіктікте жатқан қоныс бетінде шөлге тән сораң шөптесіндер өскен. Солтүстігі мен шығысынан ортасына қарай құрғақ арналар созылып жатыр.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер