Лисаковск қорымы
Лисаковск қорымы – Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Мазмұны
Орналасқан жері
Лисаковск қаласынан батысқа қарай 1-9 км, солтүстік-батысқа қарай 2-3 км аралықтарында орналасқан.
Кезеңі
Біздің заманымзға дейінгі ІІ мыңжылдықтың ортасы.
Зерттелуі
Лисаковск қорымы және басқа да Андронов ескерткіштері 20 жылдан бері археолог Э. Р. Усманованың басшылығымен зерттеліп келеді. Бұл жерден алынған бұйымдар Жоғарғы Тобыл маңы тарихы мен мәдениеті Лисаковск мұражайының негізін құрады.
Қорым сипаты
Лисаковск археологиялық аумағына 7 зираттар тобы (Лисаковск, Лисаковск 2, Лисаковск 3, Лисаковск 4, Лисаковск 5, Лисаковск 6, Лисаковск 7 қорымдары) мен бір қоныс (Лисаковск қонысы) кіреді. Оның ескерткіштерінің едәуір тығыздығы бұл жерді ертедегі тайпалар өздері тіршілік ету үшін таңдап алғандығы кездейсоқтық еместігін көрсетеді: осы жердегі суы мол Тобыл өзенінің жағалауында шұрайлы жайылымдар мен аса құнарлы жерлер болған.
Қола дәуірінің төрт жүздей қыш ыдысы табылды, ал алтын зергерлік бұйымдар коллекциясы – Еуразиядағы андроновтық жиналымдардың ішіндегі ең қомақтыларының бірі. Сондай-ақ жерлеу камераларынан ағаш құрылыстары, киім тоқу жұқаналары және өте сирек жағдайда кездесетін ағаш пұт табылды.
Зираттар аумағында жерлеу құрылыстарының екі түрі белгілі болды: қорған-қоршау және қоршау. Қорған-қоршаудың құрамына жерлеу орны, оны айналдыра қалаған тас қоршау және қоршауға жақын қазылған ор, бәрінен биік тұрған үйген топырақ енген. Ал жай қоршауда үйілген топырақ пен ор кездеспейді. Қорғанда тайпаның бетке ұстар адамы жерленген.
Топырақ үймесі – көкжиек сызығындағы ыңғайлы және көзге айқын түсіп тұратын нүкте болды. Ол адамға дала кеңістігінің шексіздігін меңгеруге септігін тигізетін жасанды бағдардың қызметін атқарды. Осылайша өлген адамның тайпалары әлгі адам өмір сүрген жерді өзінің аумағы ретінде жариялап, кеңістікті белгілеген. Қорған бұл аумақ кімнің билігінде екендігін паш еткен.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0 </ref>
Қорымдар көрінісі
- IV Лисаковский қорымы. Қабір қоршауы.jpg
Лисаковск 4 қорымы. Қабір қоршауы.
- 300IV Лисаковский қорымы. Мола түбіндегі ағаш жақтауыныңкөрінісі.jpg
Лисаковск 4 қорымы. Мола түбіндегі ағаш жақтауының көрінісі.
- VІІ Лисаковский қорымы. Қабір қоршауы.jpg
Лисаковск 7 қорымы. Қабір қоршауы.
- ІV Лисаковский қорымы. Жерлеу орындарының қоршауы.jpg
Лисаковск 4 қорымы. Жерлеу орындарының қоршауы.
Табылған заттар
- Зергерлік бұйымдар. Лисаковский қорымы.jpg
Зергерлік бұйымдар: самай сақиналар, 1,5 айналымды сақиналар. Қола, алтын фольга. Лисаковск қорымы.
- Құмыраға ұқсас қыш ыдыс. Лисаковск қорымы.jpg
Құмыраға ұқсас қыш ыдыс. Лисаковск қорымы.
- Қыш ыдыс. Түбінде свастика бейнеленген. Лисаковск қорымы.jpg
Қыш ыдыс. Түбінде свастика бейнеленген. Лисаковск қорымы.
- Оюланған қаңылтыр белгілер. Шашбау. Лисаковск қорымы.jpg
Оюланған қаңылтыр белгілер. Шашбау. Лисаковск қорымы.
- Тас жапқышы бар қыш ыдыс. Лисаковск қорымы.jpg
Тас жапқышы бар қыш ыдыс. Лисаковск қорымы.
- Сүйек шпулька. Лисаковское қонысы.jpg
Сүйек шпулька. Лисаковск қонысы.
- Тас келсаптар. Лисаковское қонысы.jpg
Тас келсаптар. Лисаковск қонысы.