Хасен Қожахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:30, 2025 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хасен Қожахметов Кәріпжанұлы, кейде Xасен Қожа Ахмет (9 тамыз 1949 жыл, Матай стансасы, Ақсу ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық сазгер.

Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық училищесін (1972), ҚазҰУ-ды бітірген (1993).

1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін сотталып, кейін ақталады.

1998 жылдан Алматыдағы Республикалық халық аспаптары мұражайының директоры. Ереуіл атқа ер салмай (2000), Таңдаулы жүз ән (2002) атты кітаптары жарық көрді.

Құрмет орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

1970 жылдардағы Қазақстандағы диссиденттік баскөтерулердің көшбасшысы. Көтеріліс кезінде Хасен Қожа Ахмет бар-жоғы 23 жаста болған. Оның әріптестерінен айырмашылығы тайсалмағандығында, жүрекжұтқандығында және ашық күресті таңдағанында болды. Есік қаласында тұрып, еңбек еткен. 1975 жылы күздігүні мен 1977 жылғы сәуірде жеке өзі өкіметке қарсы үнпарақтар шығарумен айналысқан. Кеңес Одағы мен КОКП-да орын алған ұлттарды кемсітушілік саясатын әшкерелейтін 670 дана мақала мен үнпарақтарды тарату үшін Алматыға келген. Мал дәрігерлік институтының студенттеріне үнпарақтар таратып жатқан кезде тұтқынға алынады. 2 жылға бас бостандығынан айырылады.<ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы.</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала