Ерназар Розметов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:15, 2018 ж. шілденің 9 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Ерназар Розметов (1933 жылы 5 желтоқсан, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) - ақын.
Ташкент ауыл шаруашылығы ирригациясы мен механизациясы инженерлері институты бітірген. Шыршық СЭС-інде, Түркістан жөндеу-механикалық зауытында аға инженер-конструктор боп қызмет атқарған.
Өзбек тілінде жазады. Оның Ташкент баспаларынан шыққан бірнеше жыр жинағы бар: «Күнбағыс» (1963), «Мазасыз Ергеш» (1968), «Табақсай күні» (1974), «Күміс қоңырау» (1975), «Достық жолы» (1978), т.б.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>
Дереккөздер
<references/>