Шона Смаханұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
01:31, 2024 ж. қыркүйектің 30 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Шона Смаханұлы (5 қазан 1924 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық савхозы – 1988 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, сықақшы. Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Өмірбаяны

  • 1956 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді.
  • 1942 – 1943 жылы әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты.
  • 1943 – 1957 жылы педагогикалық қызмет атқарды.
  • 1957 – 1958 жылы "Мектеп" баспасында редактор
  • 1958 – 1963 жылы "Қазақстан мұғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі
  • 1964 – 1968 жылы "Ара" журналында фельетонист болды.
  • 1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

Шона Смаханұлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шұғылдана бастады.

  • "Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.
  • "Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960)
  • "Қу түлкінің сыбағасы" (1961)
  • "Көріп жүр ғой көздері" (1965)
  • "Ұры тіс" (1967)
  • "Ұр, тоқпағым, ұр" (1970)
  • "Айға ұшамын" (1971)
  • "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1973)
  • "Кездік" (1976) т. б. кітаптары шықты.
  • "Купорос" атты жинағы орыс тілінде 1968 жылы Москвада басылды.
  • "Қоңыраулы шеңгел" атты шығармаларының жинағы 1974 жылы жарық көрді.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub