Шона Смаханұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шона Смаханұлы (5 қазан 1924, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық совхозы - 1988) — қазақ ақыны, сықақшы.
Өмірбаяны
- 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді.
- 1942-43 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты.
- 1943-57 жылы педагогикалық қызмет атқарды.
- "Мектеп" баспасында редактор (1957-58)
- "Қазақстан мұғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі (1958-63)
- "Ара" журналында фельетонист (1964-68) болды.
- 1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Шығармалары
Шона Смаханұлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шұғылдана бастады.
- "Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.
- "Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960)
- "Қу түлкінің сыбағасы" (1961)
- "Көріп жүр ғой көздері" (1965)
- "Ұры тіс" (1967)
- "Ұр, тоқпағым, ұр" (1970)
- "Айға ұшамын" (1971)
- "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1973)
- "Кездік" (1976) т. б. кітаптары шықты.
- "Купорос" атты жинағы орыс тілінде 1968 жылы Москвада басылды.
- "Қоңыраулы шеңгел" атты шығармаларының жинағы 1974 жылы жарық көрді.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. ISBN 978-601-01-0268-2</ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Bio-stub