Дара ақындық творчествоның туып, дами бастауы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:17, 2026 ж. наурыздың 28 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Дара ақындық творчествоның туып, дами бастауы» - Мұхтар Әуезовтің мақаласы. 1957 ж. шыққан Қазақ КСР тарихының 1-кітабына жазған (378-381-беттер).

Мұхтар Әуезов осы еңбектің редакция алқасының мүшесі. Мақала кітаптың «XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақстан мәдениеті» атты 16-тарауында «XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» деген бөлімде берілген. Мақалада алдымен 18 ғасырға дейінгі көптеген ақындардың өмірі жайындағы деректердің, жазбалардың жоқтың қасы екендігі айтылған. Тек 19 ғасырдан бастап қана көбіне орыс интеллигенциясы тарапынан қазақтың ақын-жыршылары туралы деректер жиналып, шығармалары жазылып алына бастады дейді. Үлгі:Дәйексөз. Осындай ақынның бір мысалы ретінде Бұқар Қалқаманұлын алған. Туған-өлген жылдары, туған жері, ескен ортасы жайыңда айтып, біраз шығармапарын талдаған. Өмірі жайлы мәліметтері аз болғанмен, бірен-саран шығармалары, емір сурген дәуірі белгілі ақын жыраулар ретінде Тәтіқара, Үмбетей, Шал ақын, Көтеш, Жанкісі, Ақтамберділерді атап, қысқа мәліметтер берен. Бұларды қазақ әдебиетіндегі дара ақындықтың бастаушылары дегөн. «Жыраулардың өлеңдері өзінің көркемдік жағын алғанда, одан бұрынырақ кезеңдегі өлеңдерден анағүрлым жетіле түскен өлеңдер. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі белгілері мен дәстүрлерінің бәрін сақтап қалған бұл өлеңдерде жазба поэзияға тән элементтер бар» екенін дәлелдеп, жыраулық поэзия женінде дәл тұжырымдар жасаған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала