Дара ақындық творчествоның туып, дами бастауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Дара ақындық творчествоның туып, дами бастауы», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. 1957 ж. шыққан Қазақ ССР тарихының 1-кітабына жазған (378-381-беттер). Мұхтар Әуезов осы еңбектің редакция алқасының мүшесі. Мақала кітаптың «XVIII ғасырдын алғашқы жартысындағы Қазақстан мәдениеті» атты 16-тарауында «XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» деген бөлімде берілген. Мақалада алдымен 18 ғасырға дейінгі көптеген ақындардың өмірі жайындағы деректердің, жазбалардың жоқтың қасы екендігі айтылған. Тек 19 ғасырдан бастап қана көбіне орыс интеллигенциясы тарапынан қазақтың ақын-жыршылары туралы деректер жиналып, шығармалары жазылып алына бастады дейді. «Ақындар мен жыраулардың кейбіреулері өздерінің шығармаларын өздері жазып отырды, соның арқасында олардың өлеңдерінің өз тексті сақталып қалды. XIX ғасырдың орта шенінен бастап жеке ақыңцардың өлеңдері мен жырлары жариялана бастады. Мұның өзі жеке адамның поэзиялық творчествосының туып, дами бастаған кезі болды». Осындай ақынның бір мысалы ретінде Бұқар Қалқаманұлын алған. Туған-өлген жылдары, туған жері, ескен ортасы жайыңда айтып, біраз шығармапарын талдаған. Өмірі жайлы мәліметтері аз болғанмен, бірен-саран шығармалары, емір сурген дәуірі белгілі ақын жыраулар ретінде Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш, Жанкісі, Ақтамберділерді атап, қысқа мәліметтер бер­ген. Бұларды қазақ әдебиетіндегі дара ақындықтың бастаушылары дегөн. «Жыраулардың өлеңдері өзінін көркемдік жағын алғанда, одан бұрынырақ кезеңдегі өлеңдерден анағүрлым жетіле түскен өлеңдер. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі белгілері мен дәстүрлерінің бәрін сақтап қалған бұл өлеңдерде жазба поэзияға тән элементтер бар» екенін дәлелдеп, жыраулық поэзия женінде дәл тұжырымдар жасаған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дара ақындық творчествоның туып, дами бастауы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}