Қазақ КСР ОАК
Қазақ КСР орталық атқару комитеті (Қазақ КСР ОАК) – 1919-1938 жылдар аралығындағы Кеңестердің Бүкілқазақ съездері арасындағы кезеңде Қазақ АКСР мен Қазақ КСР-інің мемлекеттік биліктің ең жоғары органы.
Кеңестердің Бүкілқазақ съездері Орынбор мен Алматыда өтті. Қазақ КСР ОАК 1938 жылға дейін жұмыс істеді, содан кейін оның орнына Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі келді.
Мазмұны
Қазақ АКСР/Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің төрағалары
Ресей КСФР құрамында Қазақ автономиясы (Қырғыз АСКР (1920-1925), Казак АСКР (1925-1936 ж. ақпан), Қазақ АКСР (1936 ж. ақпан-желтоқсан) деп аталған) құрылғаннан бастап оның ресми түрде жоғары басшылары Орталық атқару комитетінің төрағалары болды. Негізінде, бұл лауазым 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясының қабылдануымен енгізілген Жоғарғы Кеңес Төралқасының төрағасы лауазымына сәйкес келді. Дегенмен, КСРО-да да, Қазақ КСР-де де бұрынғы басқару органдары 1938 жылға дейін (жаңа жоғарғы кеңестердің құрылуына) жұмыс істей берді. Қазақ КСР-інде өкілеттіктердің жаңа басқару органына берілуі 1938 жылы 15 шілдеде болды.
Кеңестердің Жалпықазақ съезі
- 1917 ж. 21-28 шілде — Кеңестердің I Жалпықазақ съезі
- Кеңестердің II Жалпықазақ съезі шақырылым 1921 ж. 4 қазан<ref>ОРГАНИЗАЦИЯ КАССР И УКРЕПЛЕНИЕ СОВЕТСКОЙ ВЛАСТИ Үлгі:Wayback Казахская библиотека</ref>
- Кеңестердің III Жалпықазақ съезі — 1922 ж. 6 қазан
- Кеңестердің IV Жалпықазақ съезі (1924 ж. 5 қаңтарда шақырылды)
- Кеңестердің V Жалпықазақ съезі — 1925 ж. 15—19 сәуір (Қызылорда)
- VI Жалпықазақ съезі — 1927 ж. 3 сәуір
- VII Жалпықазақ съезі
- VIII Жалпықазақ съезі
- IX Жалпықазақ съезі
Қазақ АКСР/Қазақ КСР ОАК төрағалары
- Меңдешұлы Сейітқали (1920—1925)
- Мыңбаев Жалау (1925 ж. 15 маусым — 1927 ж.)
- Ерназаров Елтай (1927—1933)
- Құлымбетов Ұзақбай Желдірбайұлы (1933 ж. 11 қазан — 1937 ж. шілде)
- Жангелдин Әліби Тоқжанұлы — міндетін атқарушы (1937 ж. шілде — 28 қазан)
- Өмірзақов Нұрбапа (1937 ж. 28 қазан — 1938 ж. 15 шілде)