Жолбаян
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:34, 2014 ж. қазанның 19 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Жолбаян– Солтүстік Үстірттегі Уәліден шығысқа қарай 16 км жердегі сортаңды жазықтағы құдықтар. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Кезінде құдықтар саны 10-нан астам болған. Тереңдігі 7 – 10 құлаш (7 сажын) аралығында. Бәрі дерлік таспен шегенделген. Кейбірінің аузы, тас ақыры сақталған. 1850 жылы Жолбаян бір мезгілде 1 мың жылқы, 600 түйені суаратын қуатты су көзі саналған. Құдықтар қазір де қолданыста.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>