Жүсіп Ақшораев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Жүсіп Ақшораев (4 қараша 1960, Қызылтаң, Түркістан облысы, Қазақстан) — қазақстандық театр актері. 1977 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті, 1981 жылы Жетісай мәдени-ағарту техникумын бітірген. 1981—1983 жылдары «Жетісай қазақ сазды драма театрында», 1985—1993 жылдары Шәуілдір ауылында балалар мен жасөспірімдер клубында әр түрлі кызметтер атқарған. 1994 жылдан Уәлибек Әбдірайымовпен бірлесіп ашқан «Шаншар» әзіл- сықақ театрында актер.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>