Төрехан Айдарханұлы Сабырхан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:56, 2025 ж. қыркүйектің 24 кезіндегі Ashina (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Боксшы Үлгі:Медальдар Төрехан Айдарханұлы Сабырхан (2006 жылы 13 ақпанда туған, Маятас ауылы, Түркістан облысы, Қазақстан) – қазақстандық спортшы, бокс шебері. Әлем чемпионы (2025), Жастар арасында әлем чемпионы (2024)<ref>Үлгі:Cite web</ref>, жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы<ref>Үлгі:Cite web</ref>, Странджа кубогының жеңімпазы (2025).

2025 жылғы Ливерпуль қаласыңда World Boxing ұйымдастырған тұңғыш Әлем чемпионатыңда 70 кг салмақта 19 жасында (19 жас 7 ай) чемпион атанып, Санжар Тәшкенбайдың рекордын (19 жас 11 ай) жаңартты<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Әлемнің екі дүркін әлем чемпионы Махмұт Сабырханның туған інісі.

Өмірбаяны

Төрехан Сабырхан 2006 жылы Түркістан облысының Маятас ауылында дүниеге келген. Әкесі – Айдархан Сабырханұлы, анасы – Меңтай Асылова. Отбасында төрт үл, бір қыз. Төрехан үшінші ұл.

Бокспен сегіз жасынан бастап айналысады. Оның алғашқы және жалғыз бапкері — Ілияс Оралбеков. Төрехан Сабырхан боксқа ерте жастан бастап, өзінің ағасы әлемнің екі дүркін чемпионы Махмұд Сабырханмен бірге жаттыққан. Алғашқыда жаттығулар мектепте, тарих кабинетінде өткен. Бокстан бөлек, көкпармен де шұғылданып, бірнеше рет аймақтық жарыстарға қатысқан.

Спорттық мансабы

Төрехан Сабырхан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (2021) атанды. Сол жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Кейіннен ол Азия чемпионы атағын тағы үш рет қатарынан жеңіп алып, Қазақстаннан шыққан жасөспірімдер мен жастар арасындағы тұңғыш төрт дүркін Азия чемпионы атанды.

2023 жылы Бакуде Әбубәкір Ағаларовты еске алу халықаралық турнирінің финалында Төрехан тұңғыш және әзігре жалғыз рет жеңілген деп тіркелді. Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы екі раундта төрешілердің әділетсіз шешіміне тап болды. Бапкерлер штабына финалда ұйымдастырушының ұлы Аббасгулу Шадлинскике жол беру туралы ұсыныс жасалған, алайда Төрехан бұл ұсыныстан бас тартқан. Нәтижесінде, төрешілердің әділсіз шешіміне наразылық білдіріп, ол үшінші раундқа шығудан бас тартты. Бұл жеңіліс Төрехан Сабырханның әуесқой бокстағы тұңғыш және әзірге жалғыз ресми жеңілісі болып саналады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленіп, финалда кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді. Турнир қорытындысы бойынша Төрехан турнирдің үздік боксшысы, ал Қазақстан құрамасы үздік команда атанды<ref>Торехан Сабырхан стал лучшим боксером ЧМ</ref>. Осыдан кейін Читада (Еуразия кубогында) жеңімпаз атанып, үздік нәтижелер көрсетті. Төрехан Сабырхан жастар арасында Әлем чемпионы атанып, 2024 жылды жарқын жеңіспен аяқтады. Бұл жетістік оның жастар деңгейіндегі спорттық карьерасын қорытындылады.

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жас шектеулеріне байланысты Париж-2024 Олимпиадасына іріктеу турниріне (1 қаңтардағы жасы 19-дан кем болмауы тиіс болатын) қатыса алмады.<ref>[1]</ref><ref>18 лет четырежды стал чемпионом Азии и нокаутировал Рамзана Кадырова. Кто такой Торехан Сабырхан?</ref>

2024 жылдың желтоқсанында Төрехан ересектер санатына өтті. 2024 жылы желтоқсан айында ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2025 жылдың сәуірінде ағасы Махмұдпен бірге Астанада өткен «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінде дебют жасап, Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегімен өткен кештің андеркартында Чехия өкілі Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) жұдырықтасты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Төреші жекпе-жекті аяқталғанын хабарлап, Төрехан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

2025 жылы Болгарияда өткен беделді халықаралық жарыс — Странджа кубогының жеңімпазы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бұл турнир бейресми түрде «шағын әлем чемпионаты» деп аталады. Төрехан «Мейвезер» деген лақап атқа ие болған. Бұл атау оған кіші Флойд Мейвезер ұқсас техникасы үшін берілген: соққылары дәл, жылдамдығы және қорғанысы мүлтіксіз. Төреханның өзі де Мейвезерді үлгі тұтатынын және оның жеңістерін тойлау мәнерін қайталап жүретінін айтқан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

1 маусым күні Таиланд астанасы Бангкокта өткен Thailand Open-2025 халықаралық жарысында Төрехан 70 келі салмақ дәрежесінде финалда өнер көрсетті. Ол өзбекстандық боксшы Мухаммадзизбек Исмоиловты 5:0 есебімен жеңді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Әлем чемпионаты 2025

Ерлер арасындағы 70 кг // Әлем чемпионаты 2025
1/4 финал Жартылай финал Финал
Үлгі:Flagicon Эшаш Зейяд
5–0
Үлгі:Flagicon Болтаев Шавкатжон
Үлгі:Flagicon Оказава Севонретс К.М.
4–1
Үлгі:Flagicon Эшаш Зейяд
Үлгі:Flagicon Төрехан Сабырхан
3–2
Үлгі:Flagicon Оказава Севонретс К.М.
Үлгі:Flagicon Оказава Севонретс К.М.
4–1
Үлгі:Flagicon Нишонов Ихтияр
Үлгі:Flagicon Төрехан Сабырхан
5–0
Үлгі:Flagicon Траоре Макан
Үлгі:Flagicon Төрехан Сабырхан
4–1
Үлгі:Flagicon Камара Одэл
Үлгі:Flagicon Камара Одэл
5–0
Үлгі:Flagicon Отгонбаатар Бямба-Ердене

1/16 финал Үлгі:Матч туралы есептеме


1/8 финал Үлгі:Матч туралы есептеме


1/4 финал

Үлгі:Матч туралы есептеме


Жартылай финал Үлгі:Матч туралы есептеме


Финал Үлгі:Матч туралы есептеме



2025 жылғы 18 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Махмұд және Төрехан Сабырхан, олардың жеке бапкері Ілияс Оралбеков «Құрмет» орденімен марапатталды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Федерация тарапынан әр чемпионға және оның бапкеріне 100 000 АҚШ доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

23 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімі Махмұд пен Төреханға әр қайсысына пәтер және автокқлік сыйлады. Сонымен бірге спортшылардың әкесі Айдархан Сабырханұлына да жеке көлік сыйланды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Стилі

Төрехан қарсыласына байланысты әртүрлі бокс стильдерін қолданады. Ол классикалық кубалық стильден бастап, солқай соққы жасау (левша) әдісіне дейін қолданып, жекпе-жек барысында стратегиясын өзгерте алады. Сонымен бірге Төрехан ойында кәсіби спортқа тән шоу элементтерін жасаумен де ерекшеленеді.

Марапаттары мен жетістіктері

  • 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы;
  • 2024 жылғы әлем чемпионатында «ең техникалық боксшы»;
  • 2024 жылғы әлем чемпионатының «ең үздік боксшысы»;
  • Жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның 4 дүркін чемпионы;
  • 2025 жылғы Странджа кубогының жеңімпазы;
  • 2025 жылғы Әлем Чемпионы.

Мемлекеттік марапаттары

«Құрмет» ордені <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Төрехан Сабырхан әлеуметтік желілердегі лақап аты - "Pretty Boy" (Қазақша: Көркем жігіт), бұл оның қорғаныс техникасына және қарсыластарының соққыларын қабылдамау қабілетіне байланысты, бұл Флойд Мейвезердің жас кезіндегі лақап атымен ұқсас.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер