Мырзағали Құланұлы Айтжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:20, 2026 ж. ақпанның 16 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Боксшы

Мырзағали Құланұлы Айтжанов (13.09.1970, Қарабастау ауылы, Сайрам ауданы, Түркістан облысы) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жатықтырушы, КСРО чемпионы, КСРО құрамасының қатарында жастар арасындағы Еуропа чемпионы (1988), Екі мәрте Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері қызметін атқарды (2009 – 2018, 2023 – 2024). Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) «Жылдың үздік бапкері» атағын екі рет алған бапкер қазақстандық тұңғыш және жалғыз бапкер (2013, 2014).

Өмірбаяны

Мырзағали Айтжанов 1970 жылғы 13 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Сайрам ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. Бокспен 1983 жылдан бастап айналыса бастаған.

Спорттық мансабы

Боксшы ретінде 1988 жылы КСРО жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.

Бапкерлік қызметте

Айтжанов бапкерлік жолын 1996 жылы бастады. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының бокс бойынша аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Осы қызметте тоғыз жыл жұмыс істеп, облыс құрамасын Қазақстан халықтарының екі спартакиадасында және 2001, 2007 жылдары Қазақстан чемпионаттарында чемпиондыққа жеткізді.

2009 жылдың күзінде Мырзағали Айтжанов Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкерлігіне 2009 жылы тағайындалды.<ref>ҚазМұнайГаздың ресми сайтыҮлгі:Deadlink</ref>

Ұлттық құрама, 2009 – 2018

Олимпиада ойындары (Olympic Games)

2012Лондон (Ұлыбритания)

  • 🥇 Серік СапиевВэл Баркер кубогы
  • 🥈 Әділбек Ниязымбетов
  • 🥉 Иван Дычко
  • 🥉 Марина Вольнова (әйелдер)

2016Рио-де-Жанейро (Бразилия)

Әлем чемпионаттары (World Championships)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 — Баку (Әзербайжан)

2013 жыл, Алматыдағы Әлем чемпионаты

Бұл жетістік үшін AIBA оны «Жылдың үздік бапкері» деп таныды.

2015 — Доха (Қатар)

2017 — Гамбург, Германия

  • 🥇 Кайрат Ералиев (56 кг) 
  • 🥈Абильхан Аманкул (75 кг),
  • 🥈 Камшыбек Кункабаев (+91 кг)
  • 🥉 Ержан Жомарт (49 кг),
  • 🥉 Абылайхан Жусупов (69 кг),
  • 🥉 Василий Левит (91 кг) 

Азия ойындары (Asian Games)

2010— Гуанчжоу (Қытай)

2014 — Инчхон (Корея)

Осы жетістігі үшін Мырзағали Айтжанов AIBA тарапынан екінші рет «Үздік бапкер» атағын алды.

Азия чемпионаттары (Asian Championships)

2013 — (ерлер)

  • 🥇 Теміртас Жүсіпов (49 кг)
  • 🥇 Берік Абдрахманов (60 кг)
  • 🥇 Мерей Ақшалов (64 кг)
  • 🥇 Данияр Елеусинов (69 кг)
  • 🥇 Жәнібек Әлімханұлы (75 кг)
  • 🥇 Антон Пинчук (91 кг)
  • 🥇 Иван Дычко (+91 кг)
  • 🥈 Әділбек Ниязымбетов (81 кг)

2015 — Бангкок (Таиланд, ерлер)

  • 🥇 Олжас Саттыбаев
  • 🥇 Данияр Елеусинов
  • 🥇 Әділбек Ниязымбетов
  • 🥇 Василий Левит
  • 🥇 Иван Дычко
  • 🥈 Закир Сафиуллин
  • 🥉 Қайрат Ералиев

2017 — Ташкент (Өзбекстан, ерлер)

  • 🥇 Василий Левит
  • 🥈 Абылайхан Жүсіпов
  • 🥈 Ерік Әлжанов
  • 🥈 Камшыбек Қоңқабаев
  • 🥉 Азамат Исақұлов
  • 🥉 Қайрат Ералиев
  • 🥉 Бекдәулет Ибрагимов
  • 🥉 Әбілхан Аманқұл

2020 жылғы Олимпиада ойындарына Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері ретінде қатысты.

2021Токио (Жапония)

Ұлттық құрама, 2023 – 2024

2023 жылғы қаңтар айында ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды.

2024Париж (Франция)

2024 жылғы Олимпиадада Қазақстанның ерлер бокс құрамасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олимпиада алдындағы міндеттемелерге сәйкес, команда 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль алуды жоспарлаған болатын. Алайда, құрама қойылған мақсатқа жете алмады. Нәтижесінде, команда тек 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылы Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстан бокс құрамасының көрсеткен нәтижесіне (1 күміс және 1 қола медаль) байланысты Қазақстан бокс федерациясы бас бапкер Мырзағали Айтжановты және федерациның вице-президенті Азиз Қожамбетовты қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Айтжановпен бірге жаттықтырушылар штабының 10 маманы және Бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов те қызметінен кетті. Басшылықтың бұл қадамына Олимпиадада боксшылардың басым бөлігінің жартылай финалға шыға алмауы себеп болды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Жеке шәкірттері

  • Біржан Жақыпов
  • Еркебұлан Шынәлиев
  • Қайрат Ерәлиев
  • Сәкен Бибосынов

Сын

  • Олимпиада қарсаңында 51 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан құрамасына іріктеуде үлкен бәсекелестік болды. Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен тәжірибелі боксшы Айтжановтың жеке шәкірті Сәкен Бибосынов арасындағы шиеленісті іріктеу кезінде, жанкүйерлердің көпшілігі Санжардың Олимпиадаға баруын қалаған. Шешуші жекпе-жекте Сәкен Бибосынов қарсыласын төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, жаттықтырушылар штабының таңдауы болды. Нәтижесінде, Олимпиадаға жолдаманы Сәкен Бибосынов алды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Сонымен қатар Махмұд Сабырханды 54 кг салмақтан 57 кг салмақ дәрежесіне ауыстыру да бапкерлік штабтың қате шешімі ретінде айтылады. Аталған оқиғадан кейін Қазақстан бокс федерациясы барлық бас бапкерлерге бұдан былай құрамада жеке шәкірттерін жаттықтыруға тиым салды.
  • Құраманың жаңа бапкері Қайрат Сәтжанов Олимпиадада төмен нәтиже көрсетудің себебі жаттығу жоспарының дұрыс құрылмауы және басқа командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының аз болғандығын айтты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • Пекин-2008 Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан бокс құрамасының физикалық дайындығын және бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жұмысын сынға алып, боксшылардың рингтегі әлсіздігіне және соққыларының аздығына назар аударды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Марапаттары мен атақтары

  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
  • Құрмет ордені
  • Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) «Жылдың үздік бапкері» (2013, 2014) атағы.

Дереккөздер

<references/>