Азаматтық кодекс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Code Civil 1804.png
Наполеонның Азаматтық кодексінің бірінші басылымының мәтінінің басталуы

Азаматтық Кодекс — жүйеленген бірегей заңнамалық (низамдық) акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік. жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджеттік қарым-қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ КСР-інің азаматтық Кодекі қабылданғанға дейін (1963) республикада жалпы одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды. Ел экономикасының нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігі қабылданды (1994 жылы 27 желтоқсанда). Ол үш бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) меншік құқысынан және т. б. заттық құқықтардан; 3) міндеттемелік құқықтан тұрады.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Қазіргі уақытты қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше.<ref>ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том