Бәрі сен үшін

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Бәрі сен үшін»«Қазақтелефильм» студиясының 6 бөлімді, орыс тіліндегі, түрлі түсті фильм-концерті (1977). <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Ол КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевтың шығармашылығына арналған. Оның орындауында «Абай», «Ер Тарғын», «Иоланта», «Травиата», «Фигаро» операларынан ариялар және «Сырымбет», «Отан» әндері шырқалады.

Фильмде «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінен кадрлар көрсетіледі. Сондай-ақ Е.Серкебаевтың консерваторияда, Мәскеудегі Үлкен театрда, оқушылары мен балаларының арасында болу сәттері беріледі.

Режиссері - С.Әбусейітов, операторы - Ян Вон Сик.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала