Мақұлбек Рысдәулет
Мақұлбек Рысдәулет (20 мамыр 1949 жылы туған, Жуалы ауданы Бақалы ауылы) –журналист.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>
Өмірбаяны
РЫСДӘУЛЕТ Мақұлбек Қайыпбекұлы - Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының Жуалы, Талас аудандарының Құрметті азаматы. 1949 жылы 20 мамырда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылында дүниеге келген.
Ол журналистиканың барлық жанрларына қалам тартып келе жатқан журналист. Қазақстан комсомолы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты, бүкілодақтық конкурстың жүлдегері.
Жамбыл облысында еңбек еткен жылдары туралы еске алғанда оның ең алдымен ауызға алатыны Талас газ кен орнын игеру туралы жазған мақалалары. Ол бұл өміршең тақырыпты «Егемен Қазақстан» газетіне үзбей жазып, Талас жеріндегі Аманкелді газ кен орнын игеру ел байлығын арттыратындығын дәлелдей білді. Осы еңбегі үшін ол Талас ауданының Құрметті азаматы атанды.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Орта мектепті бітіргеннен кейін екі жыл колхозда еңбек етті.
1968-1973 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алды.
1973-1991 жылдары Журналистика саласындағы алғашқы еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде бастады. 1973-1991 жылдары Сарыарқа төрінде қаламын ұштады, кәсіпқой журналист ретінде шыңдалды.
1991-2005 жылдары республикалық «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі ретінде облыс экономикасы мен мәдениеті, әлеуметтік тұрмысы мен проблемалары туралы жазды.
2004-2010 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
2011-2014 жылдары Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры, 2014-2016 жылдары, облыстық архивтің бөлім меңгерушісі, 2016-2019 жылдары мұрағатшы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мақұлбектің он бестей кітабі жарық көрген. Сонымен бірге оннан астам ұжымдық кітаптарға очерктері мен әңгімелері, повестері мен хикаяттары, эсселері мен публицистикалық мақалалары енді.
көркем әдеби кітаптары: «Жұлдыздардың жарығы» «Күміс белдік», «Желсаз», «Жұлдызды өмір», «Ту ұстаушы», «Әбдір Сағынтаев»
«Тарих тамырлары», «Көңіл құсы», «Бақатерек», «Ән ғұмыр»
Мақұлбек Рысдәулеттің облыс тарихына қатысты жазған кітаптары:
«Ерлік ұмытылмайды», «Ескерткіштер – ел тарихы», «Жазықсыз жазаланғандар», «Мәңгілік ерлік», «Жамбыл облысына -75 жыл (жылнама-шежіре)», «Жамбыл Батырлары», «Майдан хаттары», «Жасампаз – 25 жыл», «Жамбылым қандай тамаша. Мәдениет және өнер өрнектері»
«Солдат жары»,«Жуалы», «Тарихы терең – мерейлі мекен» кітаптары жарық көрді. Бұл кітаптардың барлығында облыс тарихы, жер-су аттары, тіл мәселесі туралы кеңінен айтылған. Оның бұл еңбектері өлкетанушылар үшін аса құнды.
2019 жылы Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында дайындалған "Тараз мұралары" көптомдығының идея авторының бірі, Жұмысшы топ жетекшісі болды. Аталмыш көптомдықтың жарыққа шығуына орасан зор еңбек етті.
Сонымен бірге оның көптеген мақалалары республикалық, облыстық газеттерді тұрақты түрде жарияланып тұрды.
Қазақтың бір туар азаматы, көрнекті ғалым, қайраткер Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы деректі «Мыс дария» повесі Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының Қарсақбай мыс қорыту зауытының 80 жылдығына орай жариялаған конкурсының проза жанры бойынша бас бәйгесіне ие болды. Ерекше айта кететін мәселе – Мақұлбек Рысдәулеттің бүкіл шығармасы нақты деректер мен дәйектерге құрылуымен құнды.
Қоғамдық жұмысқа да белсене араласып келе жатқан М.Рысдәулет облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, облыстық ономастика, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалының «Мирас» комиссияларының мүшесі болды.
Оның еңбегін мемлекет те, елі де бағалағанын «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне –10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конститутциясына—10», «Астанаға—10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуесіздігіне - 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталғанынан байқауға болады. Ол--Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері, Жамбыл облысы әкімінің «Парасат», «Парыз» сыйлықтарының лауреаты. Қазақтың Салт-дәстүрі академиясының профессоры, Талас, Жуалы аудандарының Құрметті азаматы.
ОТБАСЫ
Жары – Дәметкен Мұхамеджанқызы Ахметова
Ұлдары – Рысдәулет Нұрбек, Нұрқуат.
Қызы – Рысдәулетова Ботагөз.
Үш ұл-қызынан 9 немере сүйген.
Жетістіктері
Журналистер арасында өткізілген бірнеше республикалық, Одақтық байқаудың жүлдегері. Қазақстан журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, бірнеше мемлекеттік медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы мен "Қазақмыс" компаниясы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының 80 жылдығы мен Республика күні мерекесіне орай өткізілген байқаудың проза саласы бойынша Бас жеңімпазы.
2019 жылы 11 қарашада дүниеден өтті.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>