Қозытай Әбуов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:33, 2025 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбуов Қозытай (23.09.1930, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы – 2 ақпан 1996) — еңбек ардагері. Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1953), СОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1969) бітірген. 1953 – 61 жылы Тереңөзек (Сырдария) ауданында әртүрлі жауапты қызметтер атқарды, күріш кеңшарын ұйымдастырды. 1965–1967 жылдары облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 1969 – 74 жылы Арал, Қазалы ауаткомдарының төрағасы, 1974–1979 жылдары Қазалы аупарткомының бірінші хатшысы болды. Кейін Жалағаш ауданының «Мәдениет» Жаңақорған ауданының «Келінтөбе» кеңшарларын басқарды. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған (1963).<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref><ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub