Әбдірахман Омбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбдірахман Омбаев (1.1. 1949 ж.туған, Отырар ауданы Қара Қоңыр ауылы ) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылым. докторы (1991), профессоры. (1994). Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Алматы зоотехникалық.-малдәрігерлік институтын бітірген (1971). 1971 – 73 ж. Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтында аға лаборант, 1973 – 76 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық мал шаруашылық ғылым-зерттеу институтының аспиранты. 1976 – 92 ж. Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтында ғылым. қызметкер, директорының ғылым. жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1992 – 94 ж. Созақ ауданының әкімі, ал 1994 жылдан Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу институтының директоры. 1982 – 84 ж. Германия ғалымдарымен бірге, қаракөл қойын сауу технологиясын жақсартуға үлес қосты. Қаракөл өнімдерін өндіру бағытында жүргізген зерттеулер барысында 120-дан астам ғылым. еңбектер жазды. Қаракөл шаруашылығындағы ғылым жетістіктерді дүниежүзілік деңгейге шығару бағытында 1977 – 80 ж. Мемлекеттік жобаның бас инженері, қаракөл өндіруді дамыту және елтірі сапасын арттыратын илеу әдісін жетілдіру жұмыстарын жүргізуге қатысты ғылым-зерттеу жолында ашқан жаңалықтары КСРО халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub