Дәрібай Андарбаев
Дәрібай Андарбаев (1937 жыл, Бейнеу ауданы, Сам ауылы) – инженер-құрылысшы, аға ғылыми қызметкер, ғылым кандидаты (1966).
Шымкент химия-технология институтын бітірген (1961). Өнертапқыш, бірнеше патент авторы.
1961 – 63 жылдары Шымкент химия-технология институтында ассистент, 1963–66 жылдары КСРО Құрылыс материалдар институтына қарасты «Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институты»нда аспирант, 1966 – 73 жылдары осы институттың аға ғылыми қызметкері, ғылыми-технологиялық информация бөлімінің бастығы, 1973 – 77 жылдары Қазақстан ғылыми-технологиялық құрылыс ақпараттық орталық институтында (ҚазЦНТИС) директор, 1977 – 80 жылдары Мемлекеттік құрылыс комитетінде құрылыс басқармасының бастығы, 1980 – 94 жылдары Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, сұйық құрылыс материалдар мен бетон зертханасының меңгерушісі болды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>
Дереккөздер
<references/>