Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау иснтитуты ЖШС, 1931 ж. құрылыс материалдары мен ғимараттар ғылым-зертеуш институты ретінде құрылған.

Алматы қаласында орналасқан. 1942 жылдан КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жанындағы Химия-металлургия институты, 1945 жылдан Қазақ КСР-і ғылым академиясының Химия институты, Металлургия және кен байыту институты, Отқа төзімді және құрылыс материалдары институты, 1953 жылдан Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары ин-ты, 1956 жылдан Қазақ КСР-і ғылым академиясының Құрылыс және құрылыс материалдары институты атанды. 1957 жылдан КСРО Құрылыс және архитектура академиясының Қазақ бөлімшесі болды. 1965 жылдан қазіргі атымен аталады. Құрамында құрылыс материалдарын сертификаттайтын сынақтан өткізетін, т.б. көптеген лабораториялар, секторлар, жобалау бөлімі (өндірістік бөлімдер және тәжірибелік кәсіпорын) бар. Негізгі жұмыс бағыты – құрылысқа қажетті шикізаттар негізінде қабырғалық керамика және силикат материалдарын алудың тиімді технология тәсілдерін жетілдіру, жылу электр ст-ларының күлін, фосфор және металлургиялық қождарды, боксит шламын, т.б. өнеркәсіп қалдықтарын пайдалана отырып әр түрлі құрылыс материалдарын алу. Институттың ғылым-зерттеулері мен жобаларының негізінде гипс шығаратын з-ттар Ақтөбе, Атырау және Түркістан қалаларында; құрғақ құрылыс материалдарының қоспасын шығаратын з-т (Боралдай кентінде, Алматы облысы), жоғары көміртекті феррохром қождары үйіндісінен беріктігі жоғары, от пен суыққа төзімді қиыршықтас шығаратын з-т (Ақтөбе қ-нда) іске қосылды.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

ғалымдар

Институттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: М.С.Жуковский, М.Ф.Назаренко, С.М.Зубаков, А.Жақышев, Б.Пәрімбетов, т.б. болды.

академикарлар

Институтта академиктер: А.А.Глаголев, Ө.Аяпов, В.И.Соловьев, технология ғылым докторлар.

профессорлар

профессорлар: А.И.Минас, Қ.Қуатбаев, Қ.А.Нұрбатыров, С.Ж.Сайболатов, А.Шырдабаев,А.Қуатбаев және т.б. жұмыс істеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}