Лесхан Сманов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сманов Лесхан (30.3.1949 жылы туған, Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы(2000). Шымкент педагогика институтын (1973, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. Түркістан облысы Бөген ауданындағы орта мектепте мұғалім, директор (1973–1981), Шымкент педагогика институтында аға оқытушы (1981–1993), Халықараралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде декан (1993–1999) болды. 1999 жылдан проректор қызметін атқарады. 53 ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.