Дәндібек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дәндібек Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тебез көлінің солтүстік шығысында 15 км жердегі қыстау. Талдықұм ауылынан солтүстікке қарай 11 км жерде орналасқан. Солтүстігінде тұзды Қамысты көлі жатыр, оңтүстігінде қырқалы төбешіктер, батысы тегіс жазықты. Шығысы ірілі-ұсақты, төбелі келген. Сортаңды, сұр, қоңыр топырағында жусан, күйреуік, баялыш, астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі. Қыстау мал жайылымы ретінде пайдаланылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Wikify

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub