Иіржар (құм)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:21, 2022 ж. желтоқсанның 18 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Иіржар, IріжарБалқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Алматы облысы Балқаш және Жетісу облысы Қаратал аудандарының жерінде орналасқан.

Жер бедері

Теңіз деңгейінен 386 м биіктікте. Қырқааралық ойпаңдарында сор және тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2 – 80 м аралығындағы тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Бестас, шығысында Жаманқұм құмдары мен батысында Қарабасты қонысы жатыр.

Өсімдігі

Құм жалдардың етегінде қара сексеуіл, жүзгін, жусан, еркек шөп, күйреуік өседі. Негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер