Әсемгүл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әсемгүл (Hyalea) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда кәдімгі әсемгүл (H. pulchella) түрі кездеседі. Ол Торғай үстіртінде, Зайсан қазаншұңқырында, Маңғыстау түбегінде,Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда өседі. Биіктігі 70 – 80 см болады. Бұтақты келеді. Оған бүтін жиекті, ұзынша жапырақтары кезек орналасады. Қызғылт, кейде ақ түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Мамыршілде айларында гүлдеп, жеміс береді.

Дереккөздер:

Қазақстан энциклопедия 1-том

 Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub