Әсемгүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсемгүл (Hyalea) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда кәдімгі әсемгүл (H. pulchella) түрі кездеседі. Ол Торғай үстіртінде, Зайсан қазаншұңқырында, Маңғыстау түбегінде,Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда өседі. Биіктігі 70 – 80 см болады. Бұтақты келеді. Оған бүтін жиекті, ұзынша жапырақтары кезек орналасады. Қызғылт, кейде ақ түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Мамыршілде айларында гүлдеп, жеміс береді.

Дереккөздер:

Қазақстан энциклопедия 1-том

 {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әсемгүл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}