Ащыкөл ойысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ойпат Үлгі:Мағына Ащыкөл ойысы Қызылорда және Түркістан облыстары аумағында, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында жатқан ойыс.

Жер бедері

Ойыс Бетпақдаланың жазықты оңтүстік-батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км-дей. Өзендердің құмтасты-сазды және құмды аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Ойыстың орта тұсында Ақжайқын және Ащыкөл көлдері орналасқан.

Климаты

Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 27°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм.

Өсімдігі

Сор, сортаң және шалғынды сортаң топырағында қамыс, айрауық, ажырық, боз жусан, теріскен және баялыш өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер