Евгений Викторович Набоков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Хоккейші Евгений Викторович Набоков (25 шілде 1975, Өскемен, Қазақ КСР) — бұрынғы кәсіби хоккейші, қақпашы, өскемендік хоккей мектебінің түлегі. Ол Қазақстан құрамасы сапында 1994 жылы Словакияда өткен Әлем кубогында (С1 тобы), Ресей құрамасы сапында 2006 жылғы Турин мен 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадаларында, 2008 жылы Квебекте өткен Әлем чемпионатында ойнады. Мансабының маңызды бөлігін «Сан-Хосе Шарксте» НХЛ-да ойнады.

Бұрынғы КСРО елдерінің барлық қақпашылары арасындағы ҰХЛ-дағы жеңістер (353) және таза матчтар (59), сондай-ақ Стэнли Кубогында матчтар (86), жеңістер (42) және таза матчтар (7) бойынша рекордшы. Жеңістер мен таза матчтар бойынша ол НХЛ тарихындағы ең үздік 20 қақпашының қатарына кіреді.

Өмірбаяны

Әкесі - Набоков Виктор Дмитриевич. Анасы - Набокова Татьяна Владимировна, экономист.

Шығыс Қазақстан педагогикалық университетінің дене тәрбиесі факультетін бітірген (1996), дене тәрбиесінен жаттықтырушы.

  • 1993 жылдан - Өскемен қаласы «Торпедо» командасының хоккейшісі.
  • 1994 жылдан - Мәскеу қаласы «Динамо» командасының хоккейшісі.
  • 1996 жылдан - «Сан-Хосе Шаркс» Ұлттық хоккей лигасы хоккей командасының қақпашысы (Калифорния, АҚШ).
  • 2010 жылы Құрлықтық хоккей лигасы СКА клубымен 4 жылдық келісім-шартқа қол қойған (Санкт-Петербург қаласы).

Турин-2006 және Ванкувер-2010 Олимпиадаларында хоккейден Ресей қүрамасы үшін, хоккейден Әлем чемпионаты-2008 Квебекте ойын көрсетті. Бұрынғы КСРО елдерінен шыққан барлық қақпашылар арасында ойналған матчтар (80) және Стэнли кубогы ұтыс ойынындағы жеңіс саны (40) бойынша рекордшы.

Әлем чемпионы (2008). Әлемнің үздік қақпашысы (2008). Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері (2009). «Колдер Мөмориал Трофи» ¥ХЛ үздік жаңа ойыншысы жүлдесімен (2002) марапатталған. РФ Президентінің алғысымен (2009) ескерілген.

Үйленген. Жұбайы - Набокова Табота. Қызы - Эмма (2004 ж. т.); ұлы - Андрей (2007 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Bio-stub