Евгений Викторович Набоков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Евгений Викторович Набоков - 1975 жылы 25 шілдеде Өскемен қаласында туған. Орыс . Әкесі - Набоков Виктор Дмитриевич. Анасы - Набокова Татьяна Владимировна, экономист. Шығыс Қазақстан педагогикалық университетінің дене тәрбиесі факультетін бітірген (1996), дене тәрбиесінен жаттықтырушы. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

  • 1993 жылдан - Өскемен қаласы «Торпедо» командасының хоккейшісі.
  • 1994 жылдан - Мәскеу қаласы «Динамо» командасының хоккейшісі.
  • 1996 жылдан - «Сан-Хосе Шаркс» Ұлттық хоккей лигасы хоккей командасының қақпашысы (Калифорния, АҚШ).
  • 2010 жылы Құрлықтық хоккей лигасы СКА клубымен 4 жылдық келісім-шартқа қол қойған (Санкт-Петербург қаласы).

Турин-2006 және Ванкувер-2010 Олимпиадаларында хоккейден Ресей қүрамасы үшін, хоккейден Әлем чемпионаты-2008 Квебекте ойын көрсетті. Бұрынғы КСРО елдерінен шыққан барлық қақпашылар арасында ойналған матчтар (80) және Стэнли кубогы ұтыс ойынындағы жеңіс саны (40) бойынша рекордшы. Әлем чемпионы (2008). Әлемнің үздік қақпашысы (2008). Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері (2009). «Колдер Мөмориал Трофи» ¥ХЛ үздік жаңа ойыншысы жүлдесімен (2002) марапатталған. РФ Президентінің алғысымен (2009) ескерілген.

Хоббиі - автомобильдер, сағаттар.
Сүйіп оқитын әдебиеті - романдар.

Үйленген. Жұбайы - Набокова Табота. Қызы - Эмма (2004 ж. т.); ұлы - Андрей (2007 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub