Қайтқан су

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қайтқан су — суармалы аумақтардан жер асты немесе жер үсті ағынымен келіп жиналатын жер асты және жер үсті суы, немесе өнеркәсіп орындарының, тұрмыстық сумен жабдықтау қондырғыларының, коммуналдық кәсіпорындарының және т.б. пайдаланғаннан кейін ағызып жіберетін сарқынды суы. Қайтқан су

  1. тастанды, яғни жер үсті ағынының суы;
  2. дренаждық су, яғни дренаждық жүйе арқылы

ағызылатын немесе жер бедерінің ойпаң шұңқырларында сыналанып шығатын жер асты суы болып екіге бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify