Кеңүңгіртас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үңгір

КеңүңгіртасҚаратаудағы карст құбылысынан пайда болған үңгір.

Географиялық орны

Жамбыл және Түркістан облыстарының шекарасымен ағатын Сүйіндік өзенінің сол жағасында.

Сипаты

Ұзындығы 30 м, ені 4 – 5,5 м, биіктігі 14 м. Үңгір ішінде үлкендігі әр түрлі бірнеше бүйірлік камералар (үңгір) және жолдар бар. Бұлар жер асты жарықтарынан шыққан күкірт қышқылды ерітінді сулардың шаюынан пайда болған. Қабырғалары үнемі дымқылданып тұрады. Үңгірде шіркей, маса болады, жарқанат, жабайы көгершін мекендейді.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер