Сәуле Баймырзақызы Ержанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Сәуле Баймырзақызы Ержанова (22 тамыз 1972) — филология ғылымының докторы (2010), профессор (2012).

Өмірбаяны, еңбек жолдары

1972 жылы 22 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылында туған.

Арқалық педагогикалық институтын (1994, қазіргі Арқалық педагогикалық университеті) бітірген. Осы институтта оқытушы, ҚазҰУ-да ізденуші (1994–1996), "Рауан" баспасында бөлім редакторы (1997–1999), "Дарын" институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1999–2001), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде аға ғылыми қызметкер (2004–2006). 2010 жылдан кафедра меңгерушісі қызметінде.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – қазіргі қазақ əдебиеті, тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясы, қазіргі қазақ поэзиясының жанрлық сипаты.
"Тəуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.

Марапаттары

  • Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер