Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов (9 маусым 1974, Рабочий ауылы, Бұқарыслан ауданы, Орынбор облысы, РКФСР, КСРО) — қазақстандық әскери қолбасшы. 2019 жылдан бастап «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор (2017). 2022 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатты.
Өмірбаяны
1974 жылы 9 маусымда Орынбор облысы Бұқарыслан ауданы Рабочий ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Алматы жоғары жалпыәскери қолбасшылық мектебін, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін, 2012 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының курстарын бітірген.
Танк взводының командирі, мотоатқыштар ротасының командирі, мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, жеке батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, бригада командирі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқармасының штаб басшысының бірінші орынбасары — басшысы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының штаб басшысының бірінші орынбасары — басшысы қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2010 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысушы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өкілдерінің колоннасын басқарды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы №472 өкімімен генерал-майор әскери атағы берілді.
2018 жылғы 18 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2019 жылдың 4 мамырынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2022 жылғы 19 сәуірде прокуратурамен келісе отырып, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында орын алған өрт және жарылыс фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ҚК-нің 453-бабы (Салақтық) бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ал 21 сәуірде қамауға алу түріндегі сайлауалды бұлтартпау шараларын қолдану қажеттілігінің болмауына байланысты босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары
- 2-дәрежелі Даңқ ордені
- Мерейтойлық медалдар
- Ұзақ қызметі үшін медалдар