Айбек Арқабайұлы Дәдебай
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Айбек Арқабайұлы Дәдебай (бұрын — Дәдебаев;<ref>Үлгі:Cite web</ref> 1 сәуір 1980 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер және дипломат, партия қайраткері, 2026 жылдан бастап «Әділет» партиясының төрағасы. Бұрын Президент Әкімшілігінің басшысы (2024–2026), Президенттің Іс Басқарушысы (2022–2024) сияқты лауазымдарды атқарған. ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.<ref>Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды</ref><ref name="kap">Досье. Дадебаев Айбек Аркабаевич</ref>
Өмірбаяны
Айбек Дәдебай 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы аталған университеттің магистратурасын аяқтаған (магистр-аймақтанушы).
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастап, жоғары оқу орнында 2002 жылға дейін жұмыс істеген.
2008–2011 жылдары ол — Парламент Сенаты аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісінің міндетін атқарушы.
2011–2013 жылдары ол — Женева қаласында орналасқан Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінде үшінші хатшы, атташе.
2013–2019 жылдары ол — Парламент Сенаты Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, хатшылық меңгерушісі.
2019–2021 жылдары ол — Президент Кеңсесі бастығының орынбасары.
2021 жылғы 28 мамырда Президент Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалып, 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Президенттің Іс Басқармасын басқарды. 2022 жылы өткен президент сайлауынан кейін 22 қарашада Президенттің Іс Басқарушысы болып қайта тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпаннан бастап Президент Әкімшілігін басқарды.<ref name="kap" /> 2026 жылғы 5 мамырда басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.<ref>Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды</ref>
2026 жылғы 7 мамыр күні Дәдебай «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып бірауыздан сайланды.<ref>Айбек Дәдебай жаңадан құрылған "Әділет" партиясының төрағасы болып сайланды</ref> Сонымен бірге ол партияның басшылық органы — саяси кеңес пен саяси кеңес бюросының құрамына енді.<ref name="bes">В политсовет партии "Әділет" вошли Багдат Мусин, Динара Закиева и Андрей Лаврентьев</ref> «Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша I шақырылымдағы Құрылтай депутаттығына кандидат болды.<ref>«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті</ref>
Марапаттары
І дәрежелі «Барыс» орденімен (2026),<ref>«Pro Kadry KZ» Facebook парақшасындағы жазба</ref> «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.<ref name="kap" />
Отбасы жағдайы
Айбек Дәдебай үйленген, 4 баласы бар.
Әкесі Арқабай Дәдебаев — араб тілінің маманы, арабша-қазақша сөздік авторы.<ref>Дәдебайдың тұлпарлары</ref> 1990 жылы туған Айдын атты інісі бар.<ref>Елордаға қоныс аударған алматылық жігіт екі күннің ішінде қалай жұмыс тауып алғанын айтты</ref>
Әкесінің бауыры Жанғара Дәдебаев (1948 жылы туған) — филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы, жазушы, профессор, Қазақ ұлттық университетінің бұрынғы проректоры (2001–2008).<ref>ДАДЕБАЕВ Жанкара Дадебаевич</ref> 2008 жылдан бастап ол — аталған университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры.<ref>Жанғара Дәдебаев</ref>
Немере ағасы Жанғали Дәдебаев (1976 жылы туған) — саяси ғылымдар кандидаты, қаржыгер, кәсіпкер, «Tansar Capital» инвестициялық компаниясының тәуелсіз директоры. Компанияға бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың інісі, Ұлттық банк төрағасының бұрынғы орынбасары Есжан иелік етеді.<ref>Экс-зампред Нацбанка станет крупным участником управляющей компании</ref> Жанғали Дәдебаев бұрын Ұлттық банкте, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде, Алматыдағы және Астанадағы қаржы орталығында жұмыс істеген.<ref>О компании</ref>