Жанар Сейітахметқызы Айтжан
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жанар Сейітахметқызы Айтжан (9 мамыр 1965, Жуантөбе, Созақ ауданы, Шымкент облысы) – қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат, елші, экономикалық даму және сауда министрі (2010–2011).
Өмірбаяны
1965 жылы 9 мамырда Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында дүниеге келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Білімі
1982 жылы Алматыдағы № 12 мектепті алтын медальмен, 1988 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих бөлімін (қазіргі Қазақ ұлттық университеті), 1997 жылы экономика және қаржы бағдарламасы бойынша Біріккен Вена институтын, 2003 жылы Гарвард университетінің бөлімі Джон Ф. Кеннеди атындағы басқару мектебін мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен аяқтады.
Мансабы
- 1989–1990 – Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) мен Мәскеу мемлекеттік университетінің зерттеуші-тәжірбиешісі;
- 1991–1992 – Прагадағы Карлов пен Орталық Еуропа университеттерінің тәжірбиешісі;
- 1993–1996 – Қазақстандағы БҰҰ кеңсесінің бағдарламалар үйлестірушісі;
- 1997–1999 – Моңғолиядағы экономика және мемлекеттік басқару саласындағы БҰҰ даму бағдарламасының жетекшісі;
- 1999–2002 – Нью-Йорктегі БҰҰ даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық кеңсесінің Орталық Азия бөлімінің бағдарлама менеджері;
- 2003–2010 – Қазақстан индустрия және сауда министрінің орынбасары;
- 2005–2016 – Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердегі арнайы өкілі;
- 2010–2016 – Қазақстан экономикалық даму және сауда министрі (қазіргі сауда және интеграция министрлігі);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2016–2019 – Қазақстанның Швейцариядағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2017–2019 – Қазақстанның Лихтенштейн, Ватикан, Родос және Мальтадағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019–2022 – Қазақстанның Женевадағы БҰҰ кеңсесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2022–2024 – Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымындағы тұрақты өкілі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Тұрмыста, жұбайы Марат Кеңесбайұлы Қожахметов (1962 туған). 2 баласы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Анасы Орынша Жұматайқызы Жұматаева (1943 туған) – Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) физика факультетінде әдіскер болып жұмыс істеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- Парасат ордені;
- Құрмет ордені;
- Ерен еңбегі үшін медалі;
- 1-дәрежелі Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін медалі.
Дереккөздер
Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті