Сақ Мәуленқұлұлы Мәуленқұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Сақ Мәуленқұлұлы Мәуленқұлов (15 маусым, 1926 жылы Түркістан облысы, Кентауда туған) — кеңестік және қазақстандық даңқты ардагер кенші. Тау-кен саласындағы жаңа технологияларды енгізуге өз үлесін қосқан КСРО өнертапқышы. Қазақ КСРның Еңбек сіңірген құрметті кеншісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). Тоғызыншы бесжылдықтың үздігі. «Шахтер Даңқы» құрметті белгісінің толық иегері. Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы Отан орденінің иегері. Түркістан облысының және Кентау қаласының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны

  • Сақ Мәуленқұлы 1926 жылы 15 маусымда Түркістан облысы, Кентауда дүниеге келген.
  • 1944 жылы Шымкент тау-кен техникумына түседі. Осы оқу орнын бітірген соң «Мырғалымсай» шахтасында екі жылдай жұмыс істейді.
  • 1946 жылы Алматы тау-кен инистиутының геодезиялық факултетіне оқуға түсті.
  • 1958 жылы Қызылорда облысында «Aralsulfat» зауытының директоры болып тағайындалды.
  • 1970 жылы КСРО түсті метталлургия министрлігінің жарлығымен «Ачполиметалл» комбинатының бас инженері болып тағайындалды.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1970 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
  • КСРОның «Қазан төңкерісі» Ордені;
  • КСРОның «Еңбек қызыл ту» Ордені;
  • КСРОның «Шахтер даңқы» белгісі;
  • КСРОның өнертапқышы құрмет белгісі;
  • КСРОның Еңбек ардагері медалі;
  • Қазақ КСР еңбек сіңірген құрметті кеншісі (құрметті атағының иегері);
  • «Ұлы отан саоғысына 60, 65, 70жыл» медалдары;
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі;
  • 2016 жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» құрметті медалі;
  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты « Отан ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталған.
  • Түркістан облысының Құрметті азаматы
  • Кентау қаласының Құрметті азаматы
  • 2016 жылы 90 жас мерей тойы қарсаңында ҚР тұңғыш президентінің алғыс хатымен құттықтауы берілген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub