Әсет Өрентайұлы Исекешев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әсет Өрентайұлы Исекешев (17 тамыз 1971 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, заңгер, 2024 жылдан бастап «Qaztech» технологиялық компаниялар альянсының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Бұрын Исекешев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (2020–2022), Президент Әкімшілігінің басшысы (2018–2019), Астана әкімі (2016–2018), Индустрия министрі (2009–2016) қызметтерін атқарған.

Алғашқы жылдары және білімі

Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан. №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін (Орал, 1989) радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; Президент жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін (1998) бітірген, шет елде тәжірибе алған.Үлгі:Citation needed

Қазақстандық және шетелдік БАҚ-тағы индустриалдық-жаңартпашылық даму стратегиясын жүзеге асыру, ұлттық жаңартпашылық жүйе және оның жекелеген пилоттық жобаларын қалыптастыру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, кластерлік бастамашылықты және 7 пилоттық кластерді, мемлекеттік даму институттарын құру және қызметін жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, туризмді дамыту, өнеркәсіпті дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі көптеген мақалалардың авторы.

1989 жылы Орал қаласында «Омега» аспап жасау зауытының I разрядты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы болып жұмыс істеген.

1995-1997 жылдары — Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі.

1998-1999 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы.

1999-2000 жылдары — ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000-2001 жылдары — ҚР Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті.

2001-2002 жылдары — «Сұңқар» АӨК» ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, «Ұлттық консалтингтік топ» ЖШС президенті, «Ордабасы» корпорациясы» ААҚ вице-президенті.

2002-2003 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003-2006 жылдары — ҚР индустрия және сауда вице-министрі.

2006 жылғы мамыр айынан бастап - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2007 жылдан 2008 жылға дейін - Credit Swiss (Kazakhstan) ЖШС Қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы ақпан айынан бастап - Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі<ref>Кадровые перестановки Үлгі:Webarchive</ref>.

2009 жылғы 21 мамыр - 2010 жылғы 12 наурыз - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.<ref>Кадровые перестановки Үлгі:Webarchive</ref>

2010 жылғы 12 наурыздан бастап - Индустрия және сауда министрі. Министр лауазымымен қатар 2010 жылғы наурыздан 2012 жылғы қаңтарға дейін және 2012 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.<ref>Назначение на пост Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Үлгі:Webarchive</ref>

2014 жылғы 6 тамыздан бастап 2016 жылғы 21 маусымға дейін - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.<ref>Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 180-р|Номад|15.11.2013 Үлгі:Webarchive</ref>. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айынан бастап инвестициялық омбудсмен.

2016 жылғы 21 маусымнан - 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін Астана қаласының әкімі.<ref>Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды</ref>

2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.<ref>Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды</ref>

2019 жылдың 25 наурызынан 2020 жылғы қаңтарға дейін Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры болды.<ref>Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. 02.06.2019</ref>

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.<ref>Исекешев Асет Орентаевич (персональная справка)</ref>

2024 жылдан бастап «Qaztech» технологиялық компаниялар альянсының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.<ref>Президенттің көмекшісі отандық нарыққа ресейліктерді алып келді</ref>

Астана Әкімі

2016 жылғы 21 қарашада Исекешев Facebook парақшасында қала тұрғындары қар көшелерін өз-өзінен тазалайтындығын, кейінірек қаладағы қызметтер қала көшелерін<ref>Исекешев қар тазалаушылар арасындағы жемқорлықты құртпақшы Үлгі:Webarchive</ref>, тротуарларды және т.б.<ref>ҚАР ТАЗАЛАУ ТОЛАССЫЗ ЖҮРІП ЖАТЫР Үлгі:Webarchive</ref> Кейіннен Исекешев әрдайым өзінің Facebook парақшасында қаладағы қар тазалау ахуалы туралы айтып отыратын. Facebook-те қала тұрғындарының әр проблемасына көңіл аударғаны үшін, ғаламторда Әсет Өрентайұлы ең халыққа жақын әкім ретінде танылып кетті. Тіпті ғаламторда "Исекешевті тегтеу" әзілқой термин пайда болды.<ref>запомнился Асет Исекешев астанчанам</ref>

Жалақысы

2016 жылдың тамыз айында барлық әкімдіктерге бірінші басшылардың жалақысын жариялау туралы өтініш жіберілді. БАҚ деректері бойынша, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің жалақысы айына 716 866 дан 967 674 теңгеге дейін.<ref>Бауыржан Бәйбек пен Даниал Ахметов олардың лауазымдық жалақыларын жіктеді</ref>

Марапаттары

Өз өмірі

Исекешевтің әкесі Исекешев Өрентай инженер-энергетик болып жұмыс істеген болса, анасы Исекешева Қапиза дәрігер-педиатр болған.Үлгі:Citation needed

Исекешев үйленген, екі баласы бар: ұлы Әлихан (2004 жылы туған) мен қызы Кәмила (2010 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Ағасы Ерлан Исекешев (1968 жылы туған) — кәсіпкер, инвестор. 2008 жылға дейін мемлекеттік қызметте болып, қарапайым инженерден Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына дейін өскен.<ref>Исекешев Ерлан Орентаевич (персональная справка)</ref> 2024 жылы Teez маркетплейсінің негізін қалаушылардың бірі болды. 2026 жылы маркетплейс ірі инвесторға сатылар алдында компания капиталынан шығып кетті.<ref>Перед сделкой: список владельцев маркетплейса Teez изменился</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:S-start Үлгі:S-off Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft

Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті