Анарбек Оңғарұлы Орман
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Анарбек Оңғарұлы Орман (25 тамыз 1952, Ақтөбе ауылы, Піскент ауданы, Ташкент облысы, Өзбек КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, кәсіпкер, бұрынғы Шымкент әкімі (1995—1997, 2006—2008). Техника ғылымдарының кандидаты мен докторы (1998) және халықаралық ақпараттандыру академиясы корреспондет-мүшесі.
Білімі
1974 жылы Ташкенттегі Ташкент техникалық университетін (қазіргі Ташкент мемлекеттік техникалық университеті) “инженер-құрылысшы” мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолы
- 1970—1972 — Ташкент облысы, Піскент ауданындағы орта мектепте лаборант;
- 1972—1975 — Ташкент облысы Пскент қалалық су каналының қызметкері;
- 1979—1982 — Шымкент қалалық су арнасы басқармасының қызметкері;
- 1981—1986 — Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының қызметкері;
- 1986—1992 — Шымкент облыстық (қазіргі Түркістан облысы) “Су арнасы” басқармасының бастығы;
- 1992—1994 — Шымкент әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
- 1994—1995 — Оңтүстік Қазақстан облыстық (қазіргі Түркістан облысы) “Водоканал” басқармасының басшысы;
- 1995—1997 — Шымкент қаласының әкімі;
- 1997—1999 — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
- 1999—2006 — Шымкент қалалық су арнасы басқармасының бастығы;
- 2006—2008 — Шымкент қаласының әкімі;
- 2008—2009 — “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС бас директоры;
- 2009—2012 — Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы;
- 2022 жылдан — “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС бас директоры.
Қоғамдық қызметі
- 2003—2006 — Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) мәслихатының депутаты;
- қыркүйек 2005—желтоқсан 2005 — Қазақстан президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының Шымкент қалалық филиалының жетекшісі;
- 2012—2018 — Ақ жол демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (қазіргі Түркістан облысы) филиалының төрағасы.