Бірінші Адай болысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әкімшілік бірлік

Бірінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.

Әкімшілік бөлінуі

6 әкімшілік ауыл, 775 қожалық.

Халқы және көшу жолдары

Құрамына Адайдың әртүрлі рулары кіреді. Атап айтқанда: Көрпе — 170 үй, Жанақ — 91 үй, Балықшы — 156 үй, одан басқа Ақпан — 20 үй, Құнанорыс — 100 үй, Бәйбіше — 102 үй, Қожағұл — 156 үй болды. Халқы түгелдей көшпенділер, олар жазда Жем өзенінің оң және сол жақтарын жағалап, Шерқала тауларына дейін көшеді. Қыста Оймауыт, Қайрақты, Молқұдық, Сам, Қарабауырды қыстайды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер