Сам (құм)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Үлгі:Мағына Сам құмы – Үстірттің солтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Теңіз деңгейінен 70-100 м биіктікте жатыр. Абсолюттік биіктігі 108 м, салыстырмалы орташа биіктігі 8 м. Солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері 35 км-ге жетеді. Ауданы 2,1 мың км2. Төбешікті, қырқалы алқаптың солтүстігінде Сам, оңтүстік, оңтүстік-батысында Жарыққұдық сорлары жатыр. Көпшілік жерінің грунт суы тұщы, жер бетіне жақын (0,5–10 м). Сам құмында бірнеше елді мекендер (Тұрыш, Сарша, Қызылəскер, Ноғайты), қыстаулар (Абай, Балықбай, Құлыбек, Бұлақтыкөл, Төлеш, Қарағайлы, т.б.) мен тұщы құдықтар (Қасқырбұлақ, Жарқұдық, т.б.) орналасқан.

Өсімдігі

Ойлауыттарда еркек шөп, жусан т.б. өседі. Қысқы жайылым.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер