Белоусов полиметалл кен орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Белоусов полиметалл кені Кенді Алтайдағы полиметалл өндірілетін ірі кен орны. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында, Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Ол ежелгі кен қазбаларының орнында ашылған. 1931 жылы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 250-500 м тереңдікте жатқан бірнеше кен денелері ашылды.

Геологиялық құрылымы

Кен өрісінің астында ордовик кезеңінің терең метаморфталған амфибол-пироксенді гнейстері және слюдалы-кварцты тақтатастары, ал үстінде жоғарғы девон кезеңінің кварц-дала шпатты порфирлері, туфтекті альбитофир-тақтатасты қабаттары, тас көмір кезеңінің шөгінді жыныстары жатыр. Кен орны осы қабаттар аралығында орналасқан.

Минералдары, құрамы

Кентастарды құрайтын минералдар – халькопирит, сфалерит, галенит, пирит, барит, ал мысты-колчеданды кентастарды борнит, халькозин, пирит, сондай-ақ күміс минералдары; сирек кездесетін элементтерден селен, теллур, висмут, алтын, кадмий, т.б. бар. Тотығу белдемі 65 м тереңдікке жетеді. Белоусов полиметалл кені орнынан өндірілген кентас Ертіс кен-металлургия комбинатының шикізаты.<ref >Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер