Құрбақанас
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құрбақанас – Солтүстік Балқаш алабындағы Бақанас өзенінің саласы.
Географиялық орны
Абай облысының Аягөз ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Шыңғыстаудың солтүстік-батыс сілеміндегі Шақпақтастың солтүстігінен басталып, Үрпек тауы тұсында Дағанделі өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 100 км, су жиналатын алқабы 1170 км2. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын және жер асты суымен қоректенеді. Көктемде ғана арнасында ағын болады, жазда құрғап, иірімдерге бөлініп қалады. Алабы - жайылым мен шабындық. Мал мен бау-бақша суарылады.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>