Қурайлы (Аягөз алабындағы өзен)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Үлгі:Өзен Қурайлы – Аягөз өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 643 км2.
Бастауы
Ақшатау жотасының қиыр оңтүстік-шығысындағы Қарашоқы тауынан басталып, Қурайлы ауылынан 10 км-дей төменде Аягөз өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ірі саласы: Ақбастау. Арнасы жоғарғы ағысында тар, көбіне тік жарлы, орта ағысының ені 200-300 м, ол сайлы-жыралы жермен ағады. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,86 м3/с. Жайылмасы - шабындық.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>