Кіндікті (өзен, Шығыс Қазақстан облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Кіндікті – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз, Көкпекті, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 1220 км².
Бастауы
Бастауын Тарбағатай жотасы ның солтүстік бөлігіндегі Қосмұрын, Сарымсақты, Сылдырама, тауларынан алып, Биғаш ауылынан шығысқа қарай 14 км жерде Көкпекті өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Жағалауы құмды-сазды, кейбір жері гранитті тік жарлы. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Жайылмасы шабындық.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>