Қарақұдықөзек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Аңғар Қарақұдықөзек – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы аңғар. Қойбағар тауымен Кеңтарлау және Табақкеңтатыр аңғарлары аралығында.
Жер бедері, геологиялық құрылымы
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15–20 км-ге созылып жатыр. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 600 м. Тас көмір жүйесінің ортаңғы және жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Аңғарда Құлабие бұлағы мен Қарақұдық, Жамбасаққан құдықтары бар.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>