Майдакөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Майдакөл — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Ақжона ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен батысқа қарай 53 км жерде, Сырдарияның атырауындағы шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1305 адам (673 ер адам және 632 әйел адам) болса, 2009 жылы 1162 адамды (610 ер адам және 552 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>
Тарихы
1973-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Майдакөлде ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.