Доңғал қонысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Доңғал қонысықола дәуірінен сақталған қоныс орны, Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Қарқаралы ауданы, Кент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде Қызылкеніш сайының іргесінде, Доңғал тауының етегінде орналасқан.

Сипаты

1982-83 жылдары В.Г. Ломан қазба жұмыстарын жүргізген. 1998 жылдан Сарыарқа археологиялық экспедициясы (жетекшілері А. Бейсенов, В. Ломан) кешенді зерттеулер жүргізуде.
Доңғал қонысы - кент ықшам ауданын құрайтын қола дәуірі ескерткіштерінің аса маңыздыларының бірі. 1000 м2-ден астам аумағы қазылды. Заттай деректер қатарында қыш ыдыстар, тас, ішінара қола құралдар мен бұйымдар табылды. Доңғал қонысы қыш ыдыстарының архитектуралық-планиграфиялық сипаты бойынша басқа қола дәуірі қоныстарынан оқшауланып тұрады. Кенттегі үйлер арасы өте жақын, бір жерге үймелене шоғырланған. Едені терең қазылмаған, іргелері саяз, тас қабырғалары түгелдей жер бетінен көтерілген.

Үйлер пішіні

Үйлер тікбұрыш пішіндес, ортада ұзынша жөне қырынан қойылған тас тақташалардан жасалған алты бұрышты ошақ орналасқан, ал есігі "Г" әрпіне ұқсас ұзынша дәліз бейнесінде шығарылған. Үй төбесін көптеген бағана-тіреулер ұстап тұр. Шаруашылық мақсатында қазылған ұра-шұңқырлар, әдетте іргеге таяу орналасқан.

Қыш ыдыстары

Доңғал қонысы қыш ыдыстары ғылымға "Сарғара" , "Беғазы" қыштарына қосымша, "Доңғал қышы" деген жеке атпен енді. Олардың негізгі айырмашылығы - ерте кезеңдерге тән геометриялық оюлар мүлдем жойылып, оюдың басты түрі шымшып түсірілген іздерге, ыдыстың ішінен басылған дөңгелек маржандарға, т.б. ауысады. Мұндай ыдыстар ерте сақ кезеңіне тән.
Доңғал қонысы типтес қыш ыдыс Орталық Қазақстан аймағында, ең алдымен Қарқаралы, Шет, Баянауыл өңірлеріне таралғаны байқалып отыр. Шығыс Қазақстан, Жетісу қыштарының кейбірінен осы доңғал қоныш дәстүрінен ауысқан ерекшеліктер сезіледі. Мәдени мазмұны бойынша доңғал қонысы қола дәуірінің соңғы кезеңі мен ерте сақ заманының ортасында "өтпелі сатыға" жатады. Доңғал қонысы тұрақты мекен-жайдан гөрі уақытша, маусымдық қоныстың сипатын білдіреді. Ғалымдар арасында оңғал қонысы б.з.б. IX-VIII ғасырлардағы қысқы тұрақ болуы мүмкін деген пікір бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Әдебиет

  • Ломан В.Г., Донгальский тип керамики. Вопросы периодизаций археологических памятников Центрального и Северного Казахстана, Караганда, 1987;
  • Бейсенов А.З., Ломан В.Г., Орталық Қазақстанның соңғы қола кезеңінің қоныстарын зерттеу жұмыстары, "Известия АН РК, Серия общественных наук", 1999, №1.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер