Доңғал қонысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Доңғал қоныш - қола дәуірінен сақталған қоныс орны. Қарқаралыдан шығысқа қарай 30 км жерде Қызылқеніш сайының іргесінде, Доңғал тауының етегінде орналасқан. 1982 - 83 жылдары В.Г.Ломан қазба жұмыстарын жүргізген. 1998 жылдан "Сарыарқа" археологиялық экспедици (жетекшілері А.Бейсенов, Ломан) кешенді зерттеулер жүргізуде. Доңғал қоныш -"кент ықшамауданын" құрайтын қола дәуірі ескерткіштерінің аса маңыздыларының бірі. 1000 м2-ден астам аумагы қазылды. Заттай деректер қатарында қыш ыдыстар, тас, ішінара қола құралдар мен бүйымдар табылды. Доңғал қоныш қыш ыдыстарының архитектуралық-планиграфиялық сипаты бойынша басқа қола дәуірі қоныстарынан оқшауланып тұрады. Кенттегі үйлер арасы өте жақын, бір жерге үймелене шоғырланған. Едені терең қазылмаған, іргелері саяз, тас қабырғалары түгелдей жер бетінен көтерілген.

Үйлер тік-бұрыш пішіндес, ортала ұзынша жөне қырынан қойылған тас тақ-ташалардан жасалған алты бұрышты ошақ орналасқан, ал есігі "Г" әрпіне ұқсас ұзынша дәліз бей-несінде шығарылған. Үй төбесін көптеген бағана-тіреулер ұстап тұр. Шаруашылық мақсатында қазылған ұра-шұңқырлар, әдетте іргеге таяу орналасқан. Доңғал қоныш қыш ыдыстары ғылымға "Сарғара", "Беғазы" қыш-тарына қосымша, "Доңғал қышы" деген жеке атпен енді. Олардың негізгі айырмашылығы - ерте кезеңдерге тән геом. оюлар мүлдем жойылып, оюдың басты түрі шымшып түсірілген іздерге, ыдыстың ішінен басылған дөңгелек маржандарға, т.б. ауысады.

Мұндай ыдыстар ерте сақ кезеңіне тән. доңғал қоныш типтес қыш ыдыс Орталық Қазақстан аймағында, ең алдымен Қарқаралы, Шет, Баянауыл өңірлеріне таралғаны байқалып отыр. Шығыс Қазақстан, Жетісу қыштарының кейбірінен осы доңғал қоныш дәстүрінен ауысқан ерекшеліктер сезіледі. Мәдени мазмұны бойынша доңғал қоныш қола дәуірініц соңғы кезеңі мен ерте сақ заманының ортасында "өтпелі сатыға" жатады. Доңғал қоныш тұрақты мекен-жайдан гөрі уақытша, маусымдық қоныстың сипатын білдіреді. Ғалымдар арасында Д. қ. б.з.б. 9-8 ғасырлардағы қысқы тұрақ болуы мүмкін деген пікір бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}