Павлодарочка

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

"Павлодарочка" - әуесқой би ансамблі. Павлодар трактор з-ды өндірістік бірлестігінің қалалық мәдениет сарайы жанынан 1957 ж. құрылды. 1967 ж. халық ансамблі атағына ие болды. Көркемдік жетекш. А.Е. Лобанова болды. Ансамбль репертуарынан ТМД халыктарының билері, қазақ халық билері, сондай-ақ, "Бейбітшілік үшін", "Қазақ мерекесі", "Бақытымыз еңбекте", "Тың астығы", "Жаны жас ардагерлер", т.б. хорегор. композициялар орын алды. Гастрольдік сапармен Украина, Беларусь, Өзбекстан мен Ресейдің (Мәскеу, Омбы), сондай-ақ, Алматы, т.б. қалаларында болып, өнер көрсетті. Бүкілодақтық әуесқойлар өнері фестивалі (1967), Еңбекшілер көркемөнерпаздық шығармғының І-Бүкілодақтық фестивалі (1976) мен Қазақстан Комсомол сыйлықтың лауреаты (1982).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify