Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (8 қаңтар 1969, Алматы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан энергетика министрі (25.03.2016 жылдан бастап).
Қысқаша өмірбаяны
- 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
- 1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі.
- 1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
- 1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл“ ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
- 1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
- 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
- 2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
- 2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
- 2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.
- 2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
- 2009 ж. 30 қарашадан - Жамбыл облысының әкімі.
- 2013 ж. желтоқсаннан - Павлодар облысының әкімі.
- 25.03.2016 жылдан бастап - Қазақстан энергетика министрі. <ref>Қанат Бозымбаев Энергетика министрі болып тағайындалды</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр)