Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (8 қаңтар 1969 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, кәсіпкер, 2024 жылғы 31 наурыздан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі (2021–2022), Президенттің көмекшісі (2019–2021), Энергетика министрі (2016–2019), Павлодар облысы (2013–2016) мен Жамбыл облысының әкімі (2009–2013) қызметтерін атқарған.
Қысқаша өмірбаяны
1969 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген экономист. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі.
1993—1994 жылдары — «Эдем Лтд» жекеменшік компаниясының экономисі.
1994—1997 жылдары — Алматы әкімі Шалбай Құлмахановтың көмекшісі.
1997—1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 жылғы тамыздан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай және газ департаментінің бастығы.
2000 жылғы наурыздан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылғы қаңтардан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті. Сонымен бірге 2003 жылғы наурыздан 2007 жылғы тамызға дейін — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының директорлар Кеңесінің төрағасы.
2007 жылғы тамыздан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
2008 жылғы қазаннан — «KEGOC» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2009 жылғы 30 қарашадан — Жамбыл облысының әкімі.
2013 жылғы желтоқсаннан — Павлодар облысының әкімі.
2016–2019 жылдары — Қазақстанның энергетика министрі.<ref>Қанат Бозымбаев Энергетика министрі болып тағайындалды</ref>
2019 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін — Қазақстан Президентінің көмекшісі.<ref>Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды</ref>
2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін — Алматы облысының әкімі.
2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы наурызға дейін — Қазақстан Президентінің кеңесшісі.
2024 жылғы 31 наурыздан — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
Отбасы
Үйленген, жұбайы — Эльмира Бозымбаева (1971 ж. туған). Балалары — ұлы Дәурен (1993 ж. туған), қыздары Амина (2000 ж. туған), Адина (2005 ж. туған).<ref>Бозумбаев Канат Алдабергенович (персональная справка)</ref>
Даулы оқиғалар
2015 жылдың басында Павлодардағы «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкин жәбір көрдім деген бір қыздан бейнесұхбат жазып алған. Ол өзін сол кездегі облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың ұлы мен оның досы зорлағанын айтады. Біраз уақыт өткеннен кейін қыздың зорланғаны расталды. Бірақ Дәурен Алдаберген бұл жерде куәгер болып шығады. Ал кейін тіпті тараптар келісімге келді деп, істі жауып тастаған. Артынан облыс әкімінен 500 мың доллар бопсалауға қатысты жаңа іс қозғалды. Бұл іс бойынша үш адам жауапқа тартылды: соның бірі Ярослав Голышкин 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жағдайлардан кейін әкімнің баласы әскерге кеткен.<ref>Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың ұлы туралы не білеміз?</ref>
2022 жылы сол кездегі Алматы облысының әкімі болған Бозымбаев қоғам және БАҚ назарына Талдықорған халқы алдында байқаусыздан азаматқа айтқан боғауыз сөзінен кейін түсті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті